Өскеменде кәсіпорын бухгалтері 7 млн теңгені жымқырып қалған

0 327

Өскеменде жауапкершілігі шетеулі серіктестердің бірінің есепшісі 7 миллион теңгені өз пайдасына жымқырып қалған

Кәсіпорын басшысы 21 сәуір күні полицияға шағымданады. Ол былтырғы жаздан бері ЖШС шотынан 7 млн теңге ұрдап алған әйел адамды жауапқа тартуды сұраған.

«Шағымданушы ер адам кәсіпорынның бас бухгалтерінің ақшаны өз есебіне аударып алғанын айтқан. Осылайша, ол 7 млн теңгені иеленіп кеткен», — делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Көп ұзамай 52 жастағы күдікті полиция учаскесіне жеткізілген. Тергеу барысында әйел адам өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақыта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі терге жұмыстары жүргізіліп жатыр.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.