Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

0 244

Қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жасөспірімді табу үшін қажетті іздеу шараларының барлығы жүргізіліп жатыр.  «Кеше, 30 сәуір күні, кешкі сағат алтыда, 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен шығып кеткен. Содан кейін бала үйіне оралмады», — дейді полиция. Тәртіп сақшылары жасөспірімді соңғы рет Красин ауылында көргенін түсіндірді. Руслан Слембаевтың бойы 150-160 сантиметр, дене бітімі арық, ақшыл, қысқа, ашық қоңыр шашты, көк көзді. Ол сұр сырт киім, бейсболка, қара сұр спорт костюмін киген. Ол көк түсті велосипедпен шыққан.

oinet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.