«Өш алмақ болды»: Жезқазғанда ер адам оқушы қызға пышақ тығып алған

0 293

Жезқазғанда мектеп оқушысын пышақтап тастаған жас жігіт ұсталды.

 

3 маусым күні кешке Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласының әкімшілік бөліміне 14 жасар мектеп оқушысы медициналық мекемеге пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Жәбірленуші үйінің жанында белгісіз жігіттің өзіне жақындап келіп, пышақ сұғып алғанын айтады. Артынша жігіт оқиға орнынан қашып кетеді. Қыз жігітті танымайтынын айтты.

Учаскелік полиция инспекторлары ізін суытпай күдікті — 20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол бұзақылық ниетпен жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады.

Шабуылдаушы қызды танымайтынын, оған ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Қолына пышақ алып көшеге шыққан ол бірінші көрген қызға пышақ тығып алған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алдын алу шарасы қабылдануда.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.