Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда

0 70

Жаңатас қаласының тұрғын үйлер-жетекшілерімен
Сарысу ауданының ТЖ бөлімі « Дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық құндылықтар мен қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аталған бағытта атқарып жатқан жұмыстары көп. Дегенмен, әрбір адам өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығы қаншалықты зор екендігін түсінбейінше, орын алатын өрттердің саны азая қоймайды, өйткені көбінесе өрттің пайда болуының бірден бір себепшісі – адам факторы. Өрттің пайда болуына көбінесе адамдардың немқұрайлығы себеп болады. Өздерінің тұрмыстарын бақыламайтын тұрғындар келелі жағдайларға ұрынып жатады. Жылдан жылға өрттердің себептері үнемі қайталанып отырады. Үстіміздегі жылдың басынан тіркелген өрттер де оның алдыңғы жылдарындағыдай негізінен электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзушылық, тұрғындардың отты қолданудағы абайсыздығы, оның ішінде темекі шегу кезінде абайсыз болу және пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық себептерінен орын алды. Өкінішке орай, баланың отпен ойнауынан туындаған өрттер де келелі мәселелердің бірі болып табылады. Нәтижесінде балалар қайтыс болған өрттер негізінен дәл осы себептен болады. Бұл мәселенің өзектілігі өте маңызды. Кейде ата-аналар күнделікті өмірдің абыр-сабырында балаларды өзімен өзін қояды, оларды қараусыз қалдырады, баланың кез келген минутта өз өмірін қауіп-қатерге душар етуі мүмкін екенін ұмытып кетеді. Тәжірибе көрсеткендей жағушылар да, және, өкінішке орай, зардап шегушілер де, әдетте, мектепке дейінге және кіші сынып оқушылары жасындағы бүлдіршіндер болып табылады. Қауіптілікті балай алмайтын олар, үлкендерге еліктеп, қолдарына сіріңке, оттық алып, электр құралдарын қосады, пеш, алау жағуға талпынады. Кейде қаперсіз ата-аналар балаларының мұндай іс-әрекеттерін өздері қолдайды. Балалар отқа кәдімгі, қауіпсіз нәрсе ретінде қарап үйренеді. Дәл осы жағдай қайғыға әкеліп соғады. Өрттердің орын алған орындары да олардың себептері сияқты үнемі ұқсас болып келеді. Талдау барысында 2021 жылдың басынан осы күнге дейінгі болған өрттердің көбісі тұрғын үй секторы аумағында және автокөлікте орын алғандығы анықталды. Тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік мемлекеттік қызметтердің іс-әрекеттерінің қолайлылығына ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың өздеріне тікелей байланысты. Тұрғындар өрт болған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін нақты білулері тиіс. Қазіргі заман талабына сай үйлердің ерекшелігі — әрбір үйде газ коммуникацияларының, тұрмыстық электр құралдарының және әртүрлі жанғыш заттардың болуы, тұрмыстық химияның кең қолданылуы болып табылады. Сондықтан, тұрғындардан өртке қарсы режимнің үнемі сақталуы талап етіледі. Қазақстанда өрт қауіпсіздігі мәселесін шешу көбінесе тұрғындардың өртке қарсы білім деңгейін көтеруге байланысты. Сондықтан, мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі-барлық тұрғындарды, әсіресе балалар мен жастарды өрт қауіпсіздігіне үйретуді ұйымдастыру деп санаған жөн. Әрбір азаматта балалық және жас кездерінен бастап өндірісте де, тұрмыста да өртке қарсы өзін-өзі ұстаудың мықты негізі қалануы тиіс. Өрттердің алдын алу бағытында бұдан басқа да бірқатар іс-шаралар кешені атқарылып жатыр. Жылына екі рет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі жаздық өрт қауіпті маусымы және қыстық өрт қауіпті кезеңі алдында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Айлық өткізу барысында тұрғындар арасында тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі жаднамалар таратылады. Бұдан басқа, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен пәтер иелерінің кооперативтері басшыларымен көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша оқыту семинарлары жүргізіледі. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің өртке қарсы жағдайына тексерулер жүргізіліп, тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіру жолдарының жағдайына, электр қуатымен қамтамасыз етілу жағдайына, жақын маңда орналасқан өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздері туралы сілтемелердің бар-жоқтығына аса назар аударылады. Ауылдық аймақтар, саяжай иіндері мен бағбандық серіктестіктер аумақтарында тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және құрылыстарға жақын жерлерде жанғыш қоқыстарды жағуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлып отырады. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезде уақытша құрылыстар мен мал азығын сақтайтын жерлердің өрт қауіпсіздігі жағдайына аса назар аударылады. Жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күндері ұйымдастырылып, өрт техникасы, жауынгерлік жасақтар мен өрт-техникалық құрал-жабдықтар көрсетіледі. Ал, көктем айлары бой көтергеннен бастап, біздің оңтүстік аумақтарда көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңі алаңдата бастайды. Бұл кезең сәуір айынан басталып, қараша айына дейін созылады. Осы кезеңде аудан аумағында өрттерге, әсіресе, орман-тоғай және дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындай түседі. Жылдан жылға табиғи өрттердің алдын алу мен жою бойынша жұмыстар күшейе түседі. Әр жыл сайын табиғи өрттердің мәселелері аудандық ТЖ комиссияларының отырыстарында қарастырылып отырады. Бұл аудандағы жалпы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына қолайлы ықпал етеді. Жыл сайын облыс Әкімдігі «Облыс аумағындағы табиғи өрттердің алдын алу шаралары туралы» Қаулысын қабылдайды, осы қаулыға сәйкес елді мекендер мен әртүрлі меншік нысандарында өрттерді сөндіру мен алдын алу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін ерікті өрт жасақтарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Бүгінгі күні нысандарды бақылау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіліп жатыр. Негізінен өртке қарсы режимнің сақталуына аса назар аударылады: көшіру жолдарының жағдайы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, телефон байланысының, кірме жолдары тексеріледі. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері автокөлік құралдарындағы, автотұрақтар мен автогараждардың аумағындағы өрттердің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады. Автокөлік құралдарындағы өрттердің орын алуына егелері оларды сапасыз электр жабдықтарымен жабдықтайды, соның салдарынан автокөліктегі өрттің негізгі себебі электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалану ережелерін бұзу болып табылады.

Ә.Бекенов, Сарысу ауданының ТЖ
бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.