Халқым, тез мына келген жұттан айық, өзімізді өзіміз құтқарайық

0 489

Ауру кеп түсуде әбігерге ел,
Жан болмай тұр жәһанның жанын емдер.
От пен суда халықты тастамайтын,
Сендер аман болыңдар дәрігерлер.

Өмір кешіп қазақтай ұлтқа лайық,
Халқым тез мына келген жұттан айық.
Маска тағып, қабылдап вакцинасын,
Өзімізді өзіміз құтқарайық.

Қызыл аймақ, сары аймақ, жасыл аймақ,
Бәрі бақыт әкелмес басыңа айдап.
Аурусыз күнге тез жетсек екен,
Балалар емін еркін асық ойнап.

Ешкімге де ауру жоламасын,
Ешкімнің де көрмейік жаназасын.
Оразада вакцина ұстатса екен,
Короновирустың да оразасын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.