Оралда ер адам ғашығын қызының көзінше пышақтап тастады

0 255

Оралда 37 жастағы азамат қызғаныштан сүйіктісін тепкілеп пышақтап тастады. Қазір 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Оқиға бақылау камерасына жазылған. Ер адам дүкенге кіріп, екі сатушы мен кішкентай қызды бұрышқа тақап, қоқаңлоқы көрсетіп тұр. Кейін екі әйел де таяқ жеп, шеттегісі бірнеше мәрте пышақталады. Кішкентай қыз анасын қорғап әлек. Бірақ қаскөй оған қарап жатқан жоқ. Сосын оқиға орынан із суытады.

Бірақ дүкеннен шыға бергенде тәртіп сақшысының көзіне түсіп ұсталып қалады.

Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның жәбірленушімен бірнеше жылдан бері байланысы болып, Оралға жиі келіп жүрген. Сол күні кезекті мәрте сүйктісін іздеп келген беті екен.

Полиция күдіктінің бұл қадамға баруына қызғаныш себеп болған дейді. Қылмыс жасаған кезде мас болыпты. Ғашығын мерт қыла жаздаған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.