Орал-Ақсай тасжолында полицей жол апатынан қаза болды

0 258

Орал-Ақсай тасжолында болған жол апатынан полицей қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы 9 маусымда сағат шамамен 19:45-те Орал-Ақсай тасжолының 25-шақырымында болған.

«Ваз-2110 автокөлігін тізгіндеген 1993 жылғы «Б» есімді жүргізуші көлігін басқара алмай, аударылған. Алған жарақатынан ауруханада 28 жастағы БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкері қаза болды», — деді БҚО ПД өкілдері.

Көлікте тағы екі адам болған. Олар зардап шекпегені хабарланды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды, оның аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.

«БҚО ПД басшылығы мен жеке құрамы қайтыс болған қызметкердің отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.