Өлімге әкелуі мүмкін: Мамандар желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0 202
Қазақстандықтар арасында бетпердеге кірген моргеллон құрттарды өлтіру үшін сутегі тотығын ішу керек деген ақпарат тарап жатыр. Ал мамандар ондай шара денсаулыққа зиянды екенін, тіпті өлімге әкелуі мүмкін екенін жеткізді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде моргеллон құрттарын құртуға арналған «ақыл-кеңестер» тарады. Ақпаратта пероксидті ішу керек деп жазылған.

«Моргеллондар және олардың жою туралы маңызды ақпарат! Пероксид – бұл 3 пайыздық сутегінің тотығы. Онымен бетпердені өңдеу керек. Сосын бір стақан суға 3 тамшы қосып, ішке қабылдаған дұрыс. Содан күнде бір тамшыдан қосасыз. Осы курсты 3 күннен кейін тағы қайталау керек», — делінген хабарламада.

Желіде кейбір қолданушылар осы әдісті көптен бері пайдаланып жүргенін де жазды. Алайда ондай «ем» денсаулыққа көмектесуден бұрын зиянын тигізеді. Тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сутегі тотығын мүлдем ішуге болмайды, деп ескертті мамандар.

Сарапшылар осы заттың 3 миллилитрі өлімге әкелуі ықтимал деп санайды. Ол шырышты қабықтарға түсіп, сілтілердің әсерінен болған күйіктерге ұқсас деструктивті өзгерістер тудыруы мүмкін. Оған қоса, моргеллондардың әсерінен «емделудің» қажеті жоқ. Өйткені ондай құрттардың болуы, сондай-ақ олар тудыруы мүмкін аурулар дәлелденбеген. Аурулардың халықаралық тізіміне де енгізілмеген. Себебі көптеген ғалымның пікірінше, Моргеллон ауруы галлюцинация және «дерматоз сандырақ» деп аталатын психиатриялық аурудың немесе басқа да психикалық бұзылыстың белгісі. «Қорыта айтқанда, моргеллондарды емдеу туралы кеңестерге сенбеу керек. Сутегі тотығын қолдану қауіпті, ал Моргеллон ауруының бар екендігіне дәлел жоқ», — деді мамандар.

kaz.nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.