Нұрлан Қоянбаев: Ақшам болмай, жанармай құюға 500 теңге бердім, кассир қыз өз қалтасынан құйып берді

0 252

Нұрлан Қоянбаев отбасында қандай әке? Жары Әйгерімді қандай қасиеті үшін бағалайды? Ата-анасының айтар басты қағидасы қандай? Бұл туралы әзілкештің өзі айтты. Ата-анасы қарапайым гүл сатушы. Өзі ауылдан шыққан қарапайым бала. Актер қарапайым отбасынан шығып, үлкен дәрежеге жету үшін адамға керек қасиеттерді тізіп берді. Қиын сәтте қолдау болған жандар жайлы баяндады.

Бұл туралы ER-BATYR жобасының кезекті санында сөз болды.

Нұрлан Қоянбаев көрерменнен гөрі өз балаларын жиі күлдіртеді. Үйден гөрі түзде көп жүретін актер балаларының көз алдында өспегеніне алаңдайды. АҚШ-та жүріп балаларын сағынып жылағанын айтады. Актер өз ата-анасының берген тәрбиесі мен өзінің әкелік міндеттері жайлы айтты.

«Мен үйден гөрі сыртта көп боламын. Америкада, Африкада, Мәскеуде, жан-жақта қанша айлап жүрдім. Жарты жылдап үйде жоқ болдым. Сонда балаларымның қалай өсіп жатқанын көре алмадым. Соны ойлап АҚШ-та жүріп жылағаным бар. Ол бала ертең өседі. Біз секілді азамат болады. Мен керек кезінде қасында емеспін деп уайымдадым. Сондықтан қазір қайда барсам да, отбасымды бірге алып жүремін. Бірге пәтер жалдап тұрсақ та, бала-шағамның қасымда болғанын қалаймын. Мен көрерменнен гөрі, балаларымды күлдіртемін. Олардың эмоциясы маған маңызды. Он теңгем болса, соның 7 теңгесіне ойыншық аламын. Мен балаларымның көңіл-күйі үшін жұмыс істемесем, не үшін керек? Балаларды қыспаймын. Ешқашан ұрыспаймын. Егер 3 деген баға алса, мен де бұрын 3 алғанымды айтамын. Жерде құлап қалса, «мен де бұрын тіпті талдан құлағанмын» дей саламын. Балаға қысым жасамаймын. Егер бір сабақты қаламай тұрса, оны жақсы оқы деп қинамаймын», – деді актер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.