Нұр-Сұлтанда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсірілді

0 217

Нұр-Сұлтанда белгісіз екі ер адам төбелесіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиға 31 мамырында сағат 10.30-да Шоқан Уәлиханов көшесінде болды. Chevrolet және Daewoo Nexia автокөліктерінің жүргізушілері төбелесіп қалды. Олар бір-біріне жол бермей, жанжал шығарды.

Екеуі де ұсталып, полицияға жеткізілді, оларға «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жол ережесін қатаң сақтауға және басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.