Нұр-Сұлтан тұрғыны шенеуніктің ұлы бала қағып кеткенін мәлімдеді

0 292

Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін жазды. Ол шенеуніктің ұлы болуы мүмкін екенін де айтты

«Жай ғана жасырынған емес, фитнес-орталықтың маңына тұрақтап, одан әрі спортпен шұғылданбақ болды. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген тағы бір қызбен оның есін жиып, жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы отырған.

Полиция аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«30 сәуірінде сағат 15.13-те Toyota Camry маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Сығанақ көшесі жағынан №2 үйге қарама-қарсы қозғалып бара жатып, 2004 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні жолдан белгіленген орында жүгіріп бара жатқанда қағып кетті», — деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала ем қабылдап жүр.

«Алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр», — деді полицейлер.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.