Нұр-Сұлтан тұрғыны салонға шаш боятамын деп шашынан айырылып қалды

0 243
Елорда тұрғыны таңғаларлық оқиғасын айтты. Ол сұлулық салонына барып, шашсыз қалғанын айтады. Қарапайым процедура ол үшін үлкен проблемаларға айналды.

 

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Лаура Зорина сұлулық салонындағы оқиғасын баяндады.

«Шашымды бояды. Бір кездері күйдіре бастады. Мен шеберге хабарладым. Ол барлығы жақсы, бақылауда деді. Мен шыдай алмайтынымды айттым. Бояуды жуғанда онымен бірге шашым да түсе бастады. Маған ешнәрсені қалпына келтіре алмаймыз деді», — деді Лаура Зорина.

Айтуынша, шашын бояған маман «такси шақырыңыз, үйге барыңыз, өзіңізге келіңіз. Алаңдамаңыз! Шаш тіс емес, ол қайта өседі» деп шығарып салған.

Лаура 200 000 теңгеден астам ақша несиеге алып, жасанды шаш жасауға мәжбүр болған.

«Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, полицияға, СЭС-ке өтініш дайындадық. Біз бұл істі әрі қарай жылжытамыз. Бізде салон клиенттерінің бірнеше өтініші бар. Олардың бірі тіпті Алматыдан ұшып келіп куәлік беруге дайын», — заңгер Зәуре Станова.

30 жылға жуық тәжірибесі бар, шашты бояу бойынша маман, бұл көбінесе шеберлердің надандығынан болады деп мойындайды. Мұндай төтенше жағдайды болдырмау үшін сізге қарапайым ережелерді білу қажет.

«Шағын сұрақтар жиынтығы бар. Қанша уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанын. Бояудың құрамын, қауіпсіздігін сұрау керек. Егер маман бұл сұрақтарға жауап бере алмасабұл көп нәрсені айтады. Қызметке ақша бермес бұрын бәрін сұрап алуыңыз керек», — шаш стилист Элана Воловецкая.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.