“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

0 313

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмахан Танкебаев пен Ләззат Сейдалиева партияның бағдарламасын түсіндіру үшін Тамды ауылының тұрғыны Қанжан Сырымбетованың шаңырағында болып, канвассинг кездесу өткізді.
Аталмыш кездесуде үміткерлер “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
— Экологиялық жағдайды жақсарту үшін Қаратау қаласында қоқыстарды бөлек, құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін 6 млн.теңгеге 121 контейнерлер орнатылады. 5 жылда Тамды, Үшарал, Майтөбе, Қызыләуіт, Есейхан ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қоршау орнату және сұрыптауға жіберу арқылы экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келетіндей орнатылып, 2022 жылы сұрыптау кешені сатып алынады. 2021-2025 жылдары өңірді көгалдандыру және абаттандыру мақсатында аудан аумағында 22 га жерге 8,0 мың дана қарағаш және 2,0 мың дана жеміс ағаштары, жыл сайын 1600 дана қарағаш және 400 дана жеміс ағаштарын отырғызылатын болады, — деді кандидат Жұмахан Танкебаев.
Сонымен қатар, үміткерлер бағдарламаға сәйкес, 2023 жылы Жартас көлі тазартылып, 2024-2025 жылдары Қаратау қаласында тазарту кешенінің құрылысын жүргізуге ықпал ететінін назардан тыс қалдырмады. Бұған қоса, кандидаттар білім сапасын жақсартатынын айтып, ол үшін ауылдық орта мектептерді 23 жаңа модификациядағы кабинеттермен (химия, биология, физика) жабдықтауға және 2021 жылы Тамды ауылындағы Қойгелді орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге ықпал ететінін жеткізді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.