«Nur Otan» партиясы әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға ден қояды

0 251

«Nur Otan» партиясынан Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Асанбай Сейналиев «Досбол» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізіп, партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидат партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік салаға қатысты бағыттарына баса назар аударды. Бас партияның пәрменімен облыста ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, қарттарды қолдау үшін «Бақытты отбасы» партиялық жобасы өз жұмысын бастайды.
– Аудандарда мұқтаждарды арнайы әлеуметтік қызметтермен қамту үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер желісі кеңейтіліп, мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығы және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған 2 дағдарыс орталығы ашылады. Партияның ықпалымен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 25 нысан әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы қалыптасады.
Интернет арқылы халыққа қол жетімді дәрі-дәрмектердің бағасының өсуіне жол бермеу үшін медициналық бұйымдардың мәліметтер базасы құрылады. Жедел медициналық көмек цифрландырылып, онлайн-консультациялар саны көбейеді.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына сіздердің қолдауларыңыз қажет. Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Баршаларыңызды нақты істердің партиясы саналатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді кандидат Асанбай Сейналиев.
Кездесуде партия мүшелері аудандық мәслихат кандидатына сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.