Мыңаралда мәнді іс көп

0 22

Мойынқұм ауданы облыстағы ең шалғай әрі жер көлемі жағынан ең үлкен аудан. Бұйрат-бұйрат құмды мекен еткен мойынқұмдықтардың бүгінде тірлігі тіктеліп, шаруасыы шалқып келеді. Негізінде жртшылықтың тұрмыс сапасының жақсаруына елдің мал шаруашылығы немесе кәсіппен айналысуына жол ашып беріп отырған мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқау болып отырғаны анық. Одан бөлек мұндағы өндіріс ошақтарының да жұрттың жағдайы жақсаруына септігін тигізіп отырғаны даусыз.

Аудандағы Мыңарал, Шығанақ ауылдық округтері облыс және аудан орталығынан әжептәуір шалғайда орналасқан елді ммекендер. Аталған ауылдық округтердегі бірқатар мектептер мен балабақшалар, медициналық мекемелер және бірнеше зауыттар бүгінде ырғақты жұмыс істеп тұр. Мәселен Мыңарал ауылдық округіне қарасты Қашқантеңіз стансасында 5 келушіге арналған медициналық тірек бар. Балтыры сыздап, басы ауырған тұрғындар жанына ем-дауаны осы жерден табады. 1956 жылы пайдалануға берілген Қашқантеңіз бастауыш мектебі де бала оқытуда жұмысы жүйелі жүргізіп отырған мекеме.

Мыңарал ауылындағы Кенесары Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектеттің де атқарып жатқан жұмысы көңілге қонымды. Аталған мектептің негізі 1971 жылы қаланған. Қазіргі таңда мұнда 173 оқушы білім алса, 36 мұғалім білім берумен айналысады. Аталған мектептегі шағын орталық, «Нұрай» балабақшасы бүлдіршіндерді бүгінгі заман талабына сай баулып отырса, Мыңарал медициналық тірегінде және Мыңарал сатансасындағы Мыңарал орта мектебі де халыққа, ұлт ұрпағына қалтқысыз қызмет ұсынуда. Десе де аталған ауыл тұрғыны А.Тілешов мұндағы жол және балабақша күрделі жөндеуден өткізілсе деген тілегін жасырмады. Тұрғындардың айтуынша ауыл әкімі Сәбит Боранбайұлы ел үшін қызмет ететін ер азамат. Әсіресе ол ауылдағы тазалық жұмыстарын тиянақты орындап жүрген көрінеді.

Аталған Мыңарал ауылдық округіндегі Мыңарал балық зауытының аты көпшілікке жете таныс. Мыңарал балық зауыты 2014 жылы іске қосылған болатын. Зауыттың қызметі – балықты мұздату және өңдеу. Жылына мұнда 1,5 мың тонна балық өндіріледі. Аталмыш зауытта 70 адам жұмыс істесе, оның ішінде жергілікті азаматтардың үлесі 95 пайызды құрайды екен. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 61 974 теңге. Кәсіпорын директоры Сергей Ни дің айтуынша, зауыт жұмысына қатысты анау айтқан проблемалар жоқ.

Мұндағы іргелі өндіріс орнының бірі – Жамбыл цемент өндірістік компаниясы. Аталмыш компания 2010 жылы іске қосылса, жылына 1,5 миллион тонна цемент өндіреді екен. Жұмысшылар саны 216 болса, оның 50 пайызы аудан тұрғындары.

Шығанақ ауылдық округіне қарасты «Эврика барит» жауапкершіліг шектеулі серіктестігі де табысты кәсіпорын. Ондағы карерлік және барит ұсақтау жұмыстары жұмысшылардың үйреншікті кәсібіне айналған.

Аталмыш зауытта 104 адам жұмыс жасаса, оның ішінде мойынқұмдықтар 67 адамды құрайды. Орташа айлық жалақысы 120 000 теңге. Жылына 150 мың тонна барит концентратын өндіріледі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.