Мүмкіндігі мол мобильді қосымша

0 130

Енді құжат немесе ЭЦҚ – алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне барудың қажеті жоқ. Мобильді қосымша (ЦОН  google play немесе app store арқылы жүктей аласыз) арқылы оператормен бейне қоңырау арқылы байланысып, онлайн түрде тез әрі-жылдам , уақыттарыңызды үнемдеп тапсырыс бере аласыз.

Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Ең бастысы сапалы қызмет көрсету және уақытыңызды алмау. Бір екі қадам мен 30-дан астам қызмет түрін алу мүмкіндігі туды. Бізге қосылып уақытыңызды үнемдеңіз, Мемлекет корпорациясы сіздер үшін сапалы түрде, тиімді жолмен қызмет көрсетеді.

Жаңа Қазақстан жаңа бағыт, цифрландыру біз бен сіздердің қолымызда. Біз бұл орайда мүмкіндіктерімізді арттырамыз !

М.Бостан,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Жамбыл облысы бойынша филиалының
Біріңғай байланыс орталығы бөлім басшысынң орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.