«Мүгедек болып қалуы ықтимал»: Жүйке түтігінің туа біткен ақауы бар ақтаулық бүлдіршінге көмек қажет

0 290
Жұлын бифидасы, яғни, жүйке түтігінің туа біткен ақауы дертіне шалдыққан ақтаулық 5 жасар баланың ата-анасы ұлының өмірін сақтап қалу үшін көмек сұрайды.

5 жасар Рамазан Мұратовта туылған кезде жұлын грыжасы анықталады. Алайда дәрігерлер оған ота жасаудың қажеті жоқ екенін айтқан. Рамазанның анасы баласының ауруы өте қауіпті екенін Ташкентке алып барған кезде ғана білгенін айтады.

“Рамазан 4 жасқа келгенде біз оны Ташкентке тексеруге алып бардық. Нейрохирург шұғыл операция жасау керек екенін айтты. Ақтауға оралғаннан кейін біздің жергілікті нейрохирург те ота шұғыл түрде қажет екенін түсіндірді. Біз отаны білікті маманның жасағанын қаладық. Күнделікті массаж, жаттығу терапиясы, бассейндегі сабақтар ешқандай нәтиже бермеді. Ота жасалмаса, балам мүгедек болып қалуы мүмкін. Оған қоса, өмірлік маңызды органдарына зақым келіп,  жүру қабілетінен айырылады. Енді урологиядағы проблемамен қатар, диагноздың дамуына байланысты сезімталдықтың нашарлауы байқалады, оң аяғының деформациясы дамиды, бұл біртіндеп жүру функциясының толық жоғалуына әкеледі”, – дейді Рамазанның анасы Зиба Бердімбетова.

«Жағдайы ауыр болған, жақындары көмек сұрап жалынды»: Алтын ұрлады деген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды

«Жемқорсың деп қорлаған»: Павлодар облысында өзіне оқ атқан полицейдің анасы Тоқаевтан көмек сұрады


Қазір Рамазан дұрыс қозғала алмайды. Ота жасағаннан кейін ғана, ол қалыпты өмірге оралмақ. Рамазанға Израиль мемлекетінде ота жасалуы керек. Алайда оның ата-анасы қажетті қаражатты жинай алмай жатыр.

“Қазіргі уақытта мен декреттік демалыстамын, күйеуім құрылыста жұмыс істейді. Біз өз күшімізбен Рамазанды емдеуге қажетті соманы жинай алмай отырмыз. Желтоқсан айынан бастап қаржы жинап жатырмыз. Қазіргі таңда  бізге 22 937 115 теңге қажет. Барлық мейірімді жандардан ұлымызға көмектесуін сұраймыз”, – дейді Рамазанның анасы.

Реквизиттер:

Каспи: +77029954025

Каспи Голд: 4400 4301 4448 8472

СБЕРБАНК: 4263 4333 3513 1378

Народный Банк: 4003 0327 7082 8715

Бердимбетова Зиба – анасы

ИИН 921029451281

Уразимбетов Ринат – әкесі

87789874423

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.