Мойынқұмда «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

0 267

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Пернебай Рысымбетов «Есіктен есікке» акциясы аясында Жамбыл ауылдық округінде және «Фурманов» су торабында болып, ауылдағы шаруақожалықтарының өкілдерімен кездесті. Кездесуде үміткер партияның сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылығын өрістетуге негізделген басым бағыттарға тоқталып, жалпы еліміздегі жүйелі жұмыстарды сөз етті. Мұнан бөлек, ауылдағы ағайынның тұрмысындағы мәселелерді тыңдап, шешімді жолдарын қарастыратынына сенім білдірді. Себебі, ауыл – қазақтың қара шаңырағы, алтын бесігі. Содан шықса керек, «Ауыл көркейсе, ел өркендейді» деген сөз. Қазір ауылдың өркен жайып, дамуына жасалып жатқан шаруа жетерлік. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдағы ағайынның көсегесі көгеріп жүр.
— «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен» жобасын іске асыруға жәрдемдеседі. Ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсарады. Әрине, ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп отырмыз. Сондықтан алдағы саяси науқанда әрбір қазақстандықты белсенді болуға және нақты істер партиясы — «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз қандай қиындық болмасын бірге еңсереміз, — деді үміткер Пернебай Рысбайұлы.
Сондай-ақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайтыны айтылды.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары да партияға деген шынайы қолдауларын білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестігін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.