Мойынқұмда әлеуметтік салада серпін бар

0 259

Мойынқұм ауданына ағымдағы жылдың соңына дейін 2069 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген екен. Қаңтар-мамыр айы аралығында 1272 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылыпты. 138 адамға әлеуметтік жұмыс орнына, 26 жасқа «Жастар тәжірибесі» бойынша, 711 адамға ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріліпті. Тұрақты жұмысқа 229 адам тартылдған.

Жыл басынан 85 отбасыға (466 адам) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы 100 балаға 3,7 миллион теңге көлемінде көмек көрсетіліпті. «Біршама қиындықтарға қарамастан, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында серпін сақталды» дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Аталған ауданда 39 мәдени ошақ бар. Мәселен 19 — мәдениет үйі мен клуб, 20 – кітапхана халықтың руханияты үшін жұміс істеп тұр.

Биыл 5 айда 351 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілсе, оның ішінде 6602 онлайн ұйымдастырылған. Былтыр Жамбыл, Биназар, Мыңарал ауылдық клубтарының күрделі жөндеу жұмыстарына және Көкжелек ауылында 90 орындық клубтың құрылысына жобалық сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп ол толығымен дайындалыпты.

Биыл «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл ауылдық клубына күрделі жөндеуге 46,7 миллион теңге қаржы бөлінсе, аудандық бюджеттен Ақсүйек ауылдық клубына ағымдық жөндеуге 11 миллион теңге және аудандық мәдениет үйінің қазандығын жөндеуден өткізуге 9,1 миллион теңге қаралған екен. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына конкурсқа қойылған.

Ауданда бүгінгі күнге барлығы 132 спорт нысаны бар болса, оның ішінде екеуі спорт кешені мен орталық стадион. Сонымен қатар 28 спорт зал және 102 спорт алаңдар мен алаңшалар бар.

Ағымдағы жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Бірлік ауылында жобалық құны 322,3 миллион теңгеге спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілсе, алдағы жақын күндері Мойынқұм ауылында жобалық құны 204,6 миллион теңгеге болатын Б.Момышұлы атындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген 12,7 миллион теңгеге Қылышбай ауылында жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшасы салынған.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудан тұрғындары арасында жылдың басынан 36 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 1645 адам қатысыпты. Бүгінгі күнге жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың үлесі 33,8 пайызды құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.