«Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

0 125

Енді ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келді. Халықтың өтінішіне құлақ асып, Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз, ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.

Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Қосымшаны Google Play және App Store онлайн-дүкендерден жүктеп алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Тараз қалалық №2 Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.