Майдангер-қаламгерге мың тағзым

0 234

24 желтоқсан – қазақ халқының мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туған күні. Баукең өзінің көзсіз ерлігімен, Отанға адалдығымен, көреген қолбасшылық қасиеттерімен ерекшеленген тұлға. Артында таудай мұралары қалған майдангер-қаламгер. Есімі елге аңыз болған Баукеңнің рухына қандай құрмет жасалса да артық емес.

Осы орайда Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек қатысып, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының басшылығымен және сардарларымен бірге батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Мұнан соң бірқатар қала тұрғындары да гүл қойып, батыр рухын құрметтеді. Бүгінгі бақытты жас ұрпақ осынау бейбіт күнді көздің қарашығындай қорғаған Б.Момышұлы алдында қарыздар. Батырдың ерлігін естіп, қаһармандығын көңіліне түйген қаншама жас буын батылдыққа, отаншылдыққа тәрбиеленіп жатыр десеңізші!

Leave A Reply

Your email address will not be published.