Магистратураға құжат қабылдау қалай жүзеге асатыны белгілі болды

0 319

Жоғары оқу орындары бұрындары өз бетінше тест дайындап, емтихандар өткізіп, бағаларын қойып, студенттерді қабылдаған, деді Білім министрі Асхат Аймағамбетов.

 

«Өткен жылы біз алғаш рет пилоттық режимде магистратураға қабылдау кезінде тестілеуді электрондық форматқа ауыстырдық. Біз бұл әдістің сыбайлас жемқорлық қауіпін жою тұрғысынан өте дұрыс, тиімді екенін көрдік. Биыл біз «жауынгерлік» режимде биылғы жылы да, сондай-ақ, енді тұрақты түрде магистратураға қабылдау электрондық нұсқада жүзеге асады деген шешім қабылдадық», – деді Аймағамбетов.

Айтуынша, министрлік мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруде.

«Биылғы жылы кез келген оқу орнына электронды Үкімет порталы арқылы түсуге болады. Естеріңізде болса, бұған дейін құжаттарды тапсырған кезде кейбір ЖОО -да таңғы сағат 6-7-ден бастап кезекте тұрып, қабылдау комиссиясының алдында жиналып, бірқатар құжат жинаған болатынбыз», — деді министр.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.