Көктемде көзілдірік ұрлау көбейді

0 341

 Тараз қаласының тұрғыны полицияға ұрлық туралы шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, оған таныс емес ер адам қаланың шағын аудандарының бірінде орналасқан дүкеннен  8 дана  күннен қорғайтын көзілдірік  ұрлаған

Полиция қызметкерлері оқиға орнындағы  бейнебақылау камералары арқылы  осы шағын ауданның 46 жастағы тұрғынын  күдікті ретінде  анықтап, ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің  188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті адам кінәсін толық  мойындады.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.