Кеншілер кәсіби біліктіліктерін арттырды

0 311

Тәуелсіздік алғанымызға міне 30 жыл. Егемен еліміздің жарқын болашағы арайлап атты.
Осы жылдар ішінде мемлекетімізде дүр сілкінтер сансыз жаңалықтар орын алып, халқын шексіз қуаныштарға бөледі.
Тоқырауды бастан өткізген шағынқалалардың экономикасы көтеріліп, алыста жатқан аудандардың да ахуалы жақсара түсті. Жаңадан нысандар бой түзеп, жаңа жұмыс орындары ашыла бастады.
Мұның барлығы бір-ақ күнде шешімін тапқан жоқ.
Талай жылдар әртүрлі саладағы мамандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында қол жеткізген толайым табыс екендігіне жұрт куә.
Міне, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік үлесі бар, әлемге фосфорымен танылған «Қазфосфат»ЖШС-нің бүгінде ісі ілгері.
Тонның ішкі бауындай біте қайнасқан кеншілер қауымының ауызбіршілігі кешен директоры Мұратқали Сәрсеновтың біліктілігі мен білімінң нәтижесінде қашанда жоғары.
«Бес саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші қазақ,өзбек, татар, орыс, ұйғыр тағы да басқа ұлттар өндірістің ошағын маздатып, кеніштің кемел келешекті болуларына септіктерін тигізуде.
Еңбек жолдарындағы жетістіктердің биік баспалдақтарға көтеретіндігі анық. Ол үшін алдымен табандылық пен төзімділік, адалдық пен жауапкершілік болуы шарт.
Бұл үшін қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасуы маңызды.
Осы мақсатта қашанда еңбек пен біліктілікті, кәсіп пен игілікті істердің ұйытқысына айналып, ел алғысына бөленіп жүрген кешендіктер бүгін де кездесу өткізді.
Жиын мақсаты –қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасужәне Экологиялық Кодекспен танысу.
Жиынға «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің бас мамандары, цех басшылары, инженер-техникалық қызметкерлері, ВарделлАрмстронг Интернэшнл («Wardell Armstrong International»)компаниясының өкілдері, эколог-аудитор Боровикова Елена Николаевна,заңгер-аудитор Пичкурова Ольга Григорьевна және әлеуметтік әріптес, Жаңатас көпсалалы колледжідиректорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Утебаева Гүлнұр Мейрамәліқызы қатысты.

Кездесуде төменде аттары аталған баяндамашылар:

1. Серікбаев Самат Болатұлы — техникалық бөлімнің жетекші инженері.
— «Қазфосфат» ЖШС өндіретін өнімдері.
2. Баймуханов Ануар Бекболатұлы – қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы.
— «Жаңа Экологиялық Кодекс және өндіріс алаңдарында қоршаған ортаға қойылатын талаптар».
3. Асанова Динара Қырықбайқызы — жаңа техника және технология жөніндегі бас маман, техникалық бөлімінің басшысы.
— Меры государственного стимулирования (внедрение элементов Индустрии 4.0).
4. Төлеутаев Әлімжан Байкенұлы — техникалық бөлімнің жетекші инженері.
— «Қаратау» ТКӨК қолданылатын стандарттар және техникалық шарттар.
5. Саттарханов Нұргелді Рахымжанұлы – Орталық байыту фабрикасының «Өлшеу-бақылау құралдары мен автоматика» учаскесінің бастығы.
— Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика.

6. Рахымжанов Марат Қайратұлы – бас энергетиктің орынбасары.
— «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде қолданылатын жаңа электр қондырғылары.
7. Бекмағанбетұлы Бексұлтан – бас кенші бөлімінің инженері.
— «Көксу» кенішінде қолданылатын жаңа тау-кен қондырғылары.

8. Несіпбай Ғани Қадырұлы – бас механиктің орынбасары.
— «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде қолданылатын механикалық жабдықтар.

9. Бейсенбаев Асхат Бауыржанұлы – автокөлік бөлімі жетекші инженері.
— «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде қолданылатын жаңа техникалар туралы толыққанды түсіндіріп, кеңінен тоқталып өтті.

Қорытынды сөзді «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Сәрсенов Мұратқали Бақыткерейұлы айтып, жиынның маңыздылығына жиналғандардың көзін тағы да жеткізіп, баяндамашылардың баяндамалары өте қажетті әрі керекті ақпарат екенін айтты.
Алдағы уақытта мұндай басқосулар мен жиындар, кездесулер, ел арасындағы игілікті істер жалғасын таба бермек.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.