Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды

0 57

Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды

Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін, дейді мамандар. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген.

Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.