Кандидат сайлаушыларының үйінде болды

0 280

«Кандидат — қонақта» форматындағы іс-шара аясында «Nur Otan» партиясынан облыстық маслихат депутаттығына үміткер Ни Сергей Константинович, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Акимов Шакизат Ақбасұлы жеке кәсіпкер Серiк Асыловтың үйiне барып, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бұдан кейін аудан орталығындағы «Талас» дүкенiнiң алдында ауыл тұрғындарымен кездесiп, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауға ат салысуға шақырды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары партияға деген шынайы қолдауларын білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестігін білдірді. Сондай-ақ көкейлерінде жүрген ұсыныс — тiлектерiн жеткiздi. Айтылған ұсыныстардың жартысынан көбі партияның сайлауалды бағдарлама жобасына енгізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.