Иттерін қорғамақ болған бойжеткен аюмен күресті

0 297
АҚШ-та 17 жастағы қыз иттерін қорғау үшін аюмен төбелесті.

 

Оқиға 31 мамыр болған. Хейли Моринико отбасымен бірге болған кезде ауласында иттердің үргенін естіген. Не болғанын көруге барған қыз дуалға екі қонжығы бар аюдың шыққанын көрген.

Оқиғаның видеосын Хейлидің немере ағасы TikTok-та көңілді музыкамен жариялады. Ролик 63 миллионнан астам рет қаралған.

Кадрлардан жыртқыштың үлкен итке ұмтылғанын, ал үш кішкентай ит үріп, ауланы айналып жүгіргенін көруге болады. Қыз аюға жүгіріп барып, оны итеріп жібереді де, қоршаудан құлатады. Осыдан кейін Хейли иттердің бірін көтеріп, үйге қарай жүгіреді. Аю дуалдың арғы бетінен қарайды да, кейін кетіп қалады.

Басылымның мәліметінше, қыздың еш жері зақымданбаған,  иттер де зардап шекпеді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.