Іштің қатты ауыруы, есту қабілетінің нашарлауы: «үнді» штамы белгілері қандай?

0 118

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың «үнді» штамын жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу ықтималдығы жоғары екенін айтты. Себебі, бұрын белгілі болған КВИ штаммдарымен салыстырғанда, оның жұғу көрсеткіші 60 пайызға жоғары. Осыған байланысты министр барлық аймақтарға әзір болуды тапсырды.

«ПТР нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің скринингі «дельта» штамына немесе «үнді штамы» деп аталатын штаммға тән мутация ықтималдығын анықтады», – деді ол Үкімет отырысында.

ДСМ басшысының айтуынша, «дельта» штаммы 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «үнді» штаммы ауруханаға жатқызу және өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. Сонымен қатар, буындар мен іштің қатты ауыруы, ішек көріністері, есту қабілетінің жоғалуы сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болды», – деді Алексей Цой.

Бүгінгі таңда «дельта» штамы немесе SARS-CoV-2 әлемнің көптеген елінде анықталды.

«Үнді штамына» тән жұқпалы ауру, ағымның ауырлығы және клиника бойынша қолда бар деректерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың, ӨЖЖ-жабдықтары (ИВЛ) үшін шығыс материалдарының, жеке қорғаныс құралдарының, резервтік төсек қорының жеткілікті қорын, сондай-ақ жедел жәрдем қызметінің және КВИ жұқтырған пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың дайындығын қамтамасыз етуі қажет», – деп тапсырды министр.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың «үнді» штамы анықталған елдерде вирустың контагиозды екені байқалғанын, ауру кеңінен таралғанымен, бірақ оның адам ағзасын қатты зақымдап, ауыр жағдайға жеткізетініндей көрсеткіштері жоғын айтқан еді.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.