Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

0 3 412

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы кадрлық ауысулар бойынша инсайлер Ербол Әділов жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еліміздегі ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.