ІІ Елизаветаның жары Филипп ханзада қайтыс болды

0 437

ІІ Елизаветаның жары Филипп ханзада қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы сайтындағы хабарламада жазылған.

ІІ Елизаветаның жары Филипп ханзада 99 жасында қайтыс болды. Ол 10 маусымда 100-ге толатын еді.

«Мәртебелі Патшайым қайғыра отырып, өзінің сүйікті жары, Эдинбург герцогі, корольдіктің мәртебелі ханзадасы Филиптің қайтыс болғанын хабарлайды. Мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор қамалында қайтыс болды», — деп жазылған король отбасының сайтында.

Басқа хабарландырулар кейін жарияланатыны айтылған.

Tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.