Игіліктегі кездесу

0 51

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің келесі сапары Игілік ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралауға ұласты.

Жастардың бойында өнер,білім мен талант тоғысса жарқын болашақ ашылады деп есептейтін аудан басшысы өнер мектебіне барғанда жасөспірімдердің мұнда домбыра, баян, қобыз үйренетінін естіп, қуанып қалды.

Аудан әкімі осы сапар барысында Игіліктегі дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, кітапхана, Игілік және Өндірістегі сайлау учаскелерінің жұмысын тыңдап, атқарылуға тиісті жұмыстарды нақтылады.

Өндіріс ауылындағы «Ж.Отарбаев» орта мектебінде болып, көрсеткішімен танысты.

Ауыл көшелерін аралап, қариялармен жүздесті.

Ұлыс күні келген аудан әкіміне ақсақалдар өз ұсыныстарын жеткізіп, аталық ақ батасын беріп жатты.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.