Хиджаб қажеттіліктен туған

0 194

Кәззаптар арабтың орауышы хиджабқа қарсы қазақтарды жалаңаштануды жақтаушылар деп көрсетіп бағуда…
Қазақтың қыз-келіншегі түгілі, еркегі жалаңбас жүрмеген.

Араб халқының қыз-келіншектері киетін хиджаб қажеттіліктен туған:
Алғашқысы құм суырған, ыстық климат жағдайы болса, екіншісі — олар қазақ секілді 7 ата санаспайды. Сондықтан 2-3 атадан кейін қыз-келіншектерін бір бірінен тұмшалауға мәжбүр болады.

Ал біздің ата-бабамыз10-15 шаңырақ болып көшіп-қонып жүрді. Бәрі бір шалдан тараған жақын туыстар.
Тұмшалауға қажеттілік жоқ.
Керісінше, ауылдағы қыз балалардың абыройы — бүкіл әулеттің абыройы. «Қызға 40 үйден тиым» деген сол болады.

Ауылдағы бір қыздың жаманаты шықса, ол ары-бері өткен жолаушылар арқылы айналадағы елге жылдам тараған.
Айналадағы елдің бұл ауылмен құда-жекжат болуға ықыласы бола қоймаған. Қыздарының «ышқыры» бос әулетке кім жақындасын?!
Оның үстіне қазақ халқы қыз баласы тұрмысқа шыққанша басына қара және ақ түсті орамал салдырмаған. Жалаңбас та жүрмеген, отбасының дәулетіне қарай, басына тақия кигізген немесе түсті орамал салған, үстіне тізесін жауып тұратын көйлектер кигізген.

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Абай

Қара түс – қайғының белгісі.
Ал ақ жаулық әйелдіктің белгісі. 

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.