Ханзада Филипптің қашан жерленетіні белгілі болды

0 11

9 сәуір күні 99 жасында көз жұмған Эдинбург герцогы ханзада Филипп 17 сәуірде Виндзорда жерленеді.

Бұл туралы Букингем сарайы хабарлады.

Пандемияға байланысты жерлеу рәсімінде адам көп болмайды, алайда британдық телеарналарда көрсетілетін болады.

Қоштасу рәсімі алдында Ұлыбритания елі бір минут үнсіздік жариялайды.

Айта кетейік, Ханзада Филипптің жасы 99-да болатын. Эдинбург герцогінің 100 жасқа толуына екі ай қалған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.