«Халықтың ақшасына түкіргені бар»: Қуат Хамитов “Барыс» клубы капитанының жалақысына шүйлікті

0 434
Қуат Хамитов “Барысы» хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің жалақысының мөлшеріне шүйлікті,

“Бұлардың халықтың ақшасына түкіргені бар», — деп жазды Қуат Хамитов.

Еске салайық, ресейлік «Спорт-Экспресс» мәліметі бойынша Даррен Диц жылына 579 миллион теңге алады, бұл бүкіл континентальды хоккей лигасындағы екінші көрсеткіш.

Қуат Хамитов жасырын жекпе-жектерге қатысқанын мойындады

Ыдыс жуып, танымал болған «Қызылорда аруы»: Қуат Хамитов сүйіктім боласың ба деп ұсынса, бұйырғаны болар

Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының бұрынғы жаттықтырушысы Сергей Шавернев бұл мәселе бойынша өз ойын білдірді.

“Бұл бюджеттің ақшасы екені түсінікті. Бірақ бұл ақшаны төлемейтін болсақ, біз Даррен Дицты жоғалтып аламыз. Қазір «Барыстың» құрамы 80%-ға өзгеріп жатыр. Иә бұл аз ақша емес екені белгілі. “Барыс” үнемі назарда болуы үшін дәл осындай бірнеше капитан керек болады. Дицты барлығы жақсы көреді, құрметтейді. Ол көрерменге қызық және шығармашыл жігіт”, – дейді ол.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.