Головкин әлем чемпионымен келіссөз бастады. Жекпе-жек күні мен өтетін орны белгілі

0 10

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы санаттағы WBA титулының иегері жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Головкин әлем чемпионымен келіссөз бастады. Жекпе-жек күні мен өтетін орны белгілі

GGG желтоқсаннан бері рингке шықпады.

Инсайдер Крис Мэнникстің айтуынша, тараптар жекпе-жек туралы келіссөз бастады. Ал жекпе-жектің өзі Жапонияда 31 желтоқсанға жоспарланған.

Бұл ақпаратты Головкинмен бірге жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн растады. Бұл ретте Matchroom Boxing басшысы қазақстандық боксшы жазда орта салмақтағы тағы бір чемпион — WBO белбеуінің иегері америкалық Деметрис Андрадемен (30-0, 18 КО), ал қыста Муратамен жекпе-жек өткізеді деп үміттеніп отыр.

Еске салайық, Головкин былтыр желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпады. Сол кезде ол 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған болатын.

kaz.vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.