Фархат Әбдірайымовтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

0 254

Қазақстандық атақты актер Фархат Әбдірайымовтың неден қайтыс болғаны белгілі болды.

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған.

Фархат Әбдірайымов қандай рөлдермен есте қалды?

Актердің өліміне не себеп болғаны анықталды

«Бүгін, 56 жасында белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды. Актердің туыстарының айтуынша, өлімге инфаркт себеп болған.

«Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Фархат Нұрсұлтанұлының отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Бұл – бүкіл қазақстандық кино үшін үлкен қаза.

Актермен қоштасу күні мен орны кейінірек хабарланады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін атақты актер Фархат Әбдірайымов Грузияда қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.