Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлады

0 301

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев ауруханада коронавируспен күресуде

 Редакция дереккөзінің хабарлауынша, әнші ауыр жағдайда жатыр.

Ұлының сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.

“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен  халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, — деді Біржан Хасанғалиев.

Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.