Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

0 306

Қазақстандық әнші және композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлімдеді.

 «Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты.

Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», — деп жазды Нұрқиса Дәуешов.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. Кейін әншінің ауыр халде жатқаны белгілі болды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.