«Есінен танғанша ұрған»: Алматыда болған төбелестің видеосы тарап кетті

0 200

Алматыда екі жүргізушінің төбелесін куәгер видеоға түсіріп алды. Қымбат көлік мінген жігіт қарсыласын талдырып тастап, оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде видеомен бірге зардап шеккен жүргізушінің туыстары таратқан мәлімдеме де жарияланды. Оған сәйкес, төбелес 4 мамырда Коблукова көшесінде шамамен сағат 14:00-де болған. Infiniti көлігінің иесі жолдың қарсы бетіне шығып, Mark II-ні өткізбей қойған.

«Белгісіз себептерге байланысты ол менің ағамды есінен танғанша ұрған. Сосын оқиға орнынан қашып кетті. Біз полицияға арыздандық. Бірақ нәтиже жоқ. Ағамның ауруханада жатқанына 6 күн болды. Ешкім әлі кешірім сұрамады. Сонда заң қайда?

Министрлік қайда қарап отыр?», — дейді зардап шеккен жігіттің туыстары. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы inDriver таксистін өлтіріп кетті деп күдіктелуде Видео мен фотода зардап шеккен жігіттің қызыл Nissan-ды тіркеуге алып, сүйреп келе жатқанын анық байқауға болады.

Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді. Онымен Бостандық ауданының полицейлері айналысып жатыр. «Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Жарақаттың қаншалықты ауыр болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады», — дейді тәртіп сақшылары. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын да жеткізді. Қымбат көліктің иесі бірден ұсталыпты.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.