Eр мұғалімдер мектепке неге белдемше киіп келді?

0 231

Ер мұғалімдер неге ондай шешім қабылдады? 

Испанияда мұғалімдер мен оқушылар сыныпқа белдемшемен келгені үшін мектептен қуылған 15 жастағы Мигель Гоместі қорғау мақсатында #ClothesHaveNoGender (киімнің жынысы жоқ) наразылық акциясын ұйымдастырды.

Оқушыны психологқа баруға мәжбүрлеген. Мигель Гомес гендерлік теңдікті көрсеткісі келген, бірақ ол үшін жазаланды. Оқушының әлеуметтік желілердегі ролигін миллионнан астам қолданушы қарады. Бастаманы былтыр математика пәнінің мұғалімі Хосе Пиньянс әйелдердің киімін кигені үшін мектептен шығарылған оқушыны қолдау белгісі ретінде құрған. Ол 20 жыл бұрын өзін жыныстық көзқарасына байланысты қудалағанын атап өтті.

Осы жылы Хосе Пиньясты тағы екі мұғалім қолдады: 37 жастағы Мануэль Ортега және Вальядолиде Virgen de Sacedón бастауыш мектебінің 36 жастағы мұғалімі Борха Велукес. Олар да оқушылардың бірін гомофобия үшін қудаланғаннан кейін белдемшемен сабақ өткізді. Мұғалімдерге жасөспірімдер қосылды, олар алты айға жуық бүкілхалықтық толеранттылық қозғалысын ұйымдастыру үшін сабаққа белдемше киіп келген. Осыдан кейін Испанияның кейбір оқу орындарында гендерлік теңдік курсын оқыта бастады.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.