Ер адам терезеден оқ атып, жаяу жүргіншілерді жаралады

0 15

Екатеринбург тұрғыны пәтерінің терезесінен оқ атқан. Жас қыз бен Ұлттық ұлан қызметкері жарақат алды

 

Тергеу мәліметтері бойынша, түнде Бородин көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерден Екатеринбургтің 48 жастағы тұрғыны аң аулауға арналған карабинінен үйдің ауласындағы адамдарға оқ атуды бастаған. Оқ 9 жасар қызға және тәртіп сақшысына тиді.

Баланың жағдайы өте ауыр деп хабарланды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Әскери қызметкердің жағдайы орташа деп бағаланады.

Бұқаралық ақпарат құралдары атыс жасаған адам қылмыс жасамас бұрын, достарына барлығын атып тастағысы келетінін, өйткені өмірден шаршағанын айтып хабарлама жіберген.


«Балалар терезеден секірді»: Қазан қаласындағы мектепте атыстан 7 оқушы қаза тапты


Атыс куәгері екі сағат ішінде әр түрлі аралықта 50-ге жуық оқ атқанын айтты.

Қазіргі уақытта атыс ұйымдастырған ер адам қамауға алынды. Ұсталған адамға қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Ол кәмелетке толмаған адамды өлтіру әрекеті, құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне қол сұғу бабтары бойынша айыпталуда.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.