Ер адам көз жұмғаннан кейін бес жыл өткен соң әке атанды

0 512

Америкалық келіншек бес жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен жүкті болып, бала сүйді.

 

Кимберли Холмс-Айверсонның күйеуі бірнеше жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған. Сүйіктісінен айырылған келіншек, бірден достарынан кеңес сұрап, қайтыс болған адамнан да биоматериал алуға болатынын білген.

Дәрігерлер Кимберлидің күйеуінің ұрығын алып, оны қатырып қойған.

Кимберли күйеуі екеуі балалы болуды ұзақ уақыттан бері армандап жүргенін, бірақ жүкті бола алмағанын айтады.

Бес жылдан кейін келіншек өзінің жаңа сүйіктісіне марқұм күйеуінің ұрығын салдырып, ана атанғысы келетіні туралы айтқан. Кимберлидің жаңа сүйіктісі оның бұл ұсынысын қолдаған. Осылайша келіншек марқұм күйеуінің ұрығын салдырып, жүкті болған.

2021 жылы мамырда ерлі-зайыптылардың Киран атты қыздары дүниеге келді.

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.