«Енді дайынмын, айтарым көп»: Жанар Айжанованың қызы тағы бір жаңалығымен бөлісті

0 364

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жақында кітабы жарық көретінін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

– Енді дайынмын. Осы жазда бұйырса кітабым шығады. Бар күшім, ішкі мотивацияны сол жерден табасың. Айтарым көп – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. Айжұлдыздың оқырмандарына жеткізген жаңалығына желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.

– «Видеоны ерекше күшті етіп қалай түсіреді. Тамаша», «Шапкамен тұрған жер қай кезің. До замуж, до род па? Ол жерде қатты арықсың», «Ішкі рухыңыз мықты екен», «Ең бастысы Назар аман болсын! Денің сау болсын!», «Айжұлдыз тек қана алға!», «Ел қызыға оқитын, ойға түйетін, түйіні көп болсын. Шарықтап шабытың ояна берсін», «Бөпетайдың бауы берік болсын. Үлкен анасына қамқор болатындай азамат болсын. Дені сау, жақындарының көз қуанышы болсын», «Асыға күтеміз!», «Баланың бауы берік болсын! Сізді қолдаймыз! Таза, сұлу жан тек жақсыға лайықтысыз!» – деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова енесімен арадағы түсініспеушілікке байланысты күйеуімен ажырасып кеткенін айтқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.