Еңбекпен өрілген өмір

0 34

Елімізде өнеркәсіпті дамыту, өнім сапасын арттыру, қазіргі заман талабына сай өндіріске жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылып отыр.
Бұл бағытта химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің алар үлесі ерекше.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында іргелі кәсіпорын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің алар орны бөлек.
70 жылдан аса тарихы бар ұжымда 1500-ге жуық адам еңбек етуде. Оның бәрі аудан тұрғындары. Кәсіпорынның өнім өндіру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.
Қаламыздың даму тарихы, кеншілер тарихымен тығыз байланыста.
Еңбек ұжымы аудан көлеміндегі түрлі демеушілік және қайырымдылық шаралардан сырт қалған емес.
Ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық шараларына белсенді араласады.
Әр жылдың өз белесі, өз бедері бар.
Қаратау қойнауын бойлап жатқан кен орындарын игеруге «ЕвроХим» компаниясы да үлес қосуда. Мекемеде еңбек ететін кеншілердің 95 пайызы жергілікті тұрғындар.
Өңіріміздің фосфор кенін өндіру және өңдеуді осындай алпауыт компанияның қолға алуы, аудан экономикасын өркендетуде септігін тигізері сөзсіз.
Бүгінде, еврохимдіктер өздерінің өндіріс деңгейін әлемдік экономика талабына сәйкес дамытып келеді.
Бұл жұмыстардың барлығы кеншілердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ғана мүмкін болып отыр.
Тәуелсіздік алғанымызға міне 30 жыл. Егемен еліміздің жарқын болашағы арайлап атты.
Осы жылдар ішінде мемлекетімізде дүр сілкінтер сансыз жаңалықтар орын алып, халқын шексіз қуаныштарға бөледі.
Тоқырауды бастан өткізген шағынқалалардың экономикасы көтеріліп, алыста жатқан аудандардың да ахуалы жақсара түсті. Жаңадан нысандар бой түзеп, жаңа жұмыс орындары ашыла бастады.
Мұның барлығы бір-ақ күнде шешімін тапқан жоқ.
Талай жылдар әртүрлі саладағы мамандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында қол жеткізген толайым табыс екендігіне жұрт куә.
Міне, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік үлесі бар, әлемге фосфорымен танылған «Қазфосфат»ЖШС-нің бүгінде ісі ілгері.
Тонның ішкі бауындай біте қайнасқан кеншілер қауымының ауызбіршілігі кешен директоры Мұратқали Сәрсеновтың біліктілігі мен білімінң нәтижесінде қашанда жоғары.
«Бес саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші қазақ,өзбек, татар, орыс, ұйғыр тағы да басқа ұлттар өндірістің ошағын маздатып, кеніштің кемел келешекті болуларына септіктерін тигізуде.
Еңбек жолдарындағы жетістіктердің биік баспалдақтарға көтеретіндігі анық. Ол үшін алдымен табандылық пен төзімділік, адалдық пен жауапкершілік болуы шарт.
Осы орайда химиктер күніне орай өз ісінің маманы, жауапкершілігі мол азамат жайында аз-кем жазуды жөн көрдік.
Кез-келген мамандықтың өзіне тән қызығы мен ауыр тұстары болады. Сондықтан өз ісінің маманы атану көп еңбектеніп, ізденуді қажет етеді. Оған қоса, сол мамандыққа, кәсіпке деген адамның ерен ықыласы, сүйіспеншілігі болу керек. Екінің біріне өз ісіне маманы болудың бұйырмайтыны осындай қасиеттердің жетпей жататынынан. Өз ісінің маманы да, көпшіліктің адамы да бола білген абзал жандардың бірі ретінде Сарысулық Диханбай Жұмабайұлы Ақділдаевты айта аламыз.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
Мамандығына да, отбасына да адал, көпке сыйлы Диханбай Ақділданың өмір жолына қысқаша тоқталсақ.
Ақділда Диханбай Жұмабайұлы 1958 жылы Байқадам ауылында дүниеге келген. Жалпы жұмыс өтілі 42 жыл. 1961-1972 ж. Серго атындағы сегіз жылдық мектебінде, 1973-1975 жылдары Сарысу орта мектебінде оқып орта білім алды; 1975-1979 жж. Әль-Фарафи атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының библиография-кітапханатану факультетін; 2000-2002 жж. Тараз институтын тарих және география факультеті байынша бітірген. Еңбек жолы: 1979 ж. Сарысу аудандық кітапханасында аға библиограф; 1979-1981 жж. Сарысу аудандық кітапханасының оқу залының меңгерушісі; 1981 ж.01.01.-24.11. Жаңарық ауылдық мәдениет үйінің директоры; 1981-1982 жж. ЖаҢатас совхозы комсомол комитетінің секретары; 1982-1986 жж. Серго сегіз жылдық мектебінің тарих пәні мұғалімі; 1986-1990 жж. Бүкілодақтық салауаттылық қоғамының Сарысу аудандық кеңесінің жауапты хатшысы; 1990-1992 жж. Халық депутаттары Сарысу аудандық кеңесі атқару комитетінің нұсқаушысы;1992 ж. 18.03.-15.07. Сарысу аудандық әкімдігінің мәдениет және оқу-ағарту ісі жөніндегі аға маманы; 1992-1997 жж. Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы; 1997-2010 жж. Ақтоғай орта мектебінің директоры; 2010-2011 жж. «Сарысу» аудандық газетінің бас редакторы; 2011-2015 жж. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы; 2015-2021 жж. «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» ТКӨК әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас менеджері
Облыстық және аудандық әкімдіктердің, аудандық, облыстық білім,мәдениет, тілдерді дамыту басқармаларының, «Қазфосфат» ЖШС құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен, «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапатталған
1989 жж. Байқадам ауылдық кеңесінің депутаты. ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Жары Майхиева Шайзада екеуі бес бала дүниеге әкелді. Жары Ақтоғай орта мектебінде дайындық тобының тәрбиешісі болып жұмыс істейді.
Бүгінде 9 немере сүйіп, еңбектің зейнеткерлігіне шыққан бақытты отбасының бірі.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.