Еңбегі еленді

0 517

Кез-келген жетістікке жету үшін күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп қана қоймай ұжыммен де тіл табыса білу шарт.
Сонда ғана еткен еңбек пен төккен тердің жемісін көре аласыз. Осындай еңбегімен елге танылған азамат Ұласхан Қоңыратбекұлы Егеубаев жақында 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шықты.
Еңбек жолын алғаш рет Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітіріп, диплом алғаннан соң Шығанақ қой совхозында бастаған. Одан кейін Байқадам қой совхозында, Сарысу аудандық ветстанцияда, ҚР АШМ АӨК «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесінде мал дәрігері және Жаңаталап ауылдық округінде ветеринариялық инспекторы, меңгерушісі, аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Сарысу ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық құқығындағы коммуналдық кәсіпорнында директор қызметін атқарған. Еткен еңбегі еленген маманды аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапаттап, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Камели Сүлейменова,

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.