Елімізде жаңадан салынған үйлер қаншалықты қымбаттады? Сарапшы жауабы

0 271

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жыл ішінде 9,2 пайызға өсті. Өсім бүкіл өңірде байқалады. Krisha.kz порталының сарапшылары осындай қорытындыға келген.

Ұлттық статистика бюро деректеріне сүйенсек, бір жыл ішінде Павлодардағы бастапқы жылжымайтын мүлік едәуір қымбаттаған (29,2 пайызға). Екінші орында Орал (16,7 пайызға), үшінші орында — Қарағанды (15 пайызға).

Нұр-Сұлтанда мердігер компаниядан пәтер сатып алу 14,3 пайызға, Алматыда — 4,4 пайызға өскен, дейді сарапшылар.

Бір ай ішінде (2021 жылдың наурызынан сәуіріне дейін) жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 0,8 пайызға өскен:

  • Көкшетауда (2,7 пайызға);
  • Қостанайда (2,2 пайызға);
  • Нұр-Сұлтанда (1,7 пайызға);
  • Алматыда (0,6 пайызға);
  • Ақтау мен Атырауда (0,5 пайызға).

Өскеменде теріс динамика байқалған (8,2 пайызға аз).

Сәуірде жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есептегенде 327 мың теңгеден сәл асқан.

Ең қымбат пәтер Нұр-Сұлтан (1 шаршы метрге 426 мың теңге), Алматы (372,8 мың) және Шымкент (320 мың) қалаларында. Ең арзаны Таразда (150 мың) және Қызылордада (159 мың) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан пәтерлер есебінен сатылады.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.