Елімізде 7 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейтін болды

0 45

Қазақстанда екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған шеру өткізілмейтін болды.

Елімізде пандемияға байланысты бір жылдан астам уақыттан бері жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғандықтан, мерекелік шеру өткізілмейтін болған. Айта кетсек, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында пандемия салдарынан Ұлы жеңістің 75 жылдығына жоспарланған әскери шеру де өткізілмеген болатын. 2020 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан аумағында қандай да бір қоғамдық іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден астам қаражат беру ұсынылғанын жазған едік. Қалалық мәслихат шешімінің жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды.

kaz.nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.