Елбасының Алғыс хаты табыс етілді

0 311

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ғимаратында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы алдында «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсене атсалысқандарды ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
Марапатты «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұқаш Ескендіров тапсырды.
Дәл осы күні мұндай рәсім облыстың барлық ауданы мен Тараз қаласында ұйымдастырылып, жергілікті сайлауалды штабтың жетекшілері «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқан 1362 жамбылдықты ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында жергілікті сайлауалды штабтың мүшелері мен сенімді өкілдермен бірге ерікті жастар да бар.
–Елбасының алғысы ерекше әсерге бөледі. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қосқан азды-көпті үлесіміздің осылайша ескеріліп жатқаны қуантады. Саяси науқан бізді жаңа бір қырынан шыңдай түсті. Сайлаушылармен түрлі форматтағы кездесулер, олардың көтерген мәселелерінің астарына үңіліп, оларды шешу жолдарын іздестіру де көп тәжірибе жинадым. Әрі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын сайлауалды штаб мүшелерінің жоғары деңгейде ұйымдастырғанына куә болдым.
Өз тарапымнан мен де еңбегімді ескеріп, алғысын білдірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамын, – дейді облыстық сайлауалды штабтың мүшесі Дүйсенбай Ермеков.
Басқосуда облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Омаров та сөз сөйлеп, салмағы зор саяси науқанда бас партияның беделінің үстем болу үшін аянбай еңбек партияластарын марапаттарымен құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.