Джефф Безос пен Илон Маск әлемнің ең бай адамдарының көшін бастады. Рейтингке қазақстандық алты азамат енді

0 865

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімін жариялады. Әлемдік рейтингтің бестігін келесі азаматтар иеленген:

  1. Джефф Безос. Дәулеті – 177 млрд АҚШ доллары;
  2. Илон Маск. Дәулеті – 151 млрд АҚШ доллары;
  3. Бернар Арно. Дәулеті – 150 млрд АҚШ доллары;
  4. Билл Гейтс. Дәулеті – 124 млрд АҚШ доллары;
  5. Марк Цукерберг. Дәулеті – 97 млрд АҚШ доллары.

Тізімге Қазақстаннан Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance компаниясының басшысы Тимур Турлов алғаш рет қосылды. Рейтингте барлығы қазақстандық алты азаматтың аты аталған:

  • Владимир Ким. Дәулеті – 4,6 млрд АҚШ доллары. Әлемдік тізімде 622-орынды иеленді;
  • Болат Өтемұратов. Дәулеті – 3,4 млрд АҚШ доллары. 891-орын;
  • Вячеслав Ким. Дәулеті – 3,3 млрд АҚШ доллары. 925-орын;
  • Михаил Ломтадзе. Дәулеті – 2,3 млрд АҚШ доллары. 956-орын;
  • Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Әрқайсының дәулеті – 2,8 млрд АҚШ доллары. 1 111-орын;
  • Тимур Турлов. Дәулеті – 2,2 млрд АҚШ доллары. 1 517-орын.

informburo.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.