Дүние жүзінің ең табысты спортшысы кім?

0 368

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Forbes нұсқасы бойынша дүние жүзінде ең табысты спортшылар рейтингінде көш бастады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ирландиялық файтердің кейінгі жылы тапқан табысы 180 миллион долларға бағаланды. Рейтингтегі екінші орында «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұр — 130 миллион доллар. Сондай-ақ үздік үштікке «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кірді — 120 миллион доллар.

Макгрегор жылдық табысының көп бөлігін өзінің виски брендін сатудан тапқан. Ал екі футболшының да негізгі табысы — жарнамалық келісімшарттар.

Жылдың ең табысты ТОП-10 спортшысы:

1. Конор Макгрегор (ММА, UFC) — 180 миллион доллар.
2. Лионель Месси («Барселона», футбол) — 130 миллион доллар.
3. Криштиану Роналду («Ювентус», футбол) — 120 миллион доллар.
4. Дак Прескотт («Даллас Ковбойс», америкалық футбол) — 100 миллион доллар.
5. Леброн Джеймс («Лос-Анджелес Лейкерс», баскетбол) — 96,5 миллион доллар.
6. Неймар (ПСЖ, футбол) — 95 миллион доллар.
7. Роджер Федерер (теннис) — 90 миллион доллар.
8. Льюис Хэмилтон («Мерседес», «Формула-1») — 82 миллион доллар.
9. Том Брэди («Тампа-Бэй Бакканирс», америкалық футбол) — 76 миллион доллар.
10. Кевин Дюрант («Бруклин Нетс», баскетбол) — 75 миллион доллар.

TENGRINEWS.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.